Жаңалықтар

Алдағы күз айлары ауа райы жылы, жаңбырлы болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады
Алдағы күз айлары  ауа райы жылы, жаңбырлы болады
Фото: pexels.com 16.08.2022 15:43 2331

Қазгидромет күзге арналған ауа райы болжамын жариялады,– деп хабарлайды El.kz.

Күзде жаңбырлы, екпінді желмен қатар, жылы шуақты күндер күтіледі.

Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында — норма шегінде жылы болмақ.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын — климаттық нормаға жақын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға