Алаяқтық үшін іздеуде жүрген қазақстандық Сербияда ұсталды
09.01.2025 10:33
Фото:
Polisia.kz
Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.
Министрлік мәліметінше, бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.
2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

