Жаңалықтар

Алаяқтық схемасы: Астана тұрғыны жалға алған көлікті сатып жіберген

Алаяқтық схемасы: Астана тұрғыны жалға алған көлікті сатып жіберген
Фото: Polisia.kz 27.09.2024 15:01 649

Астанада полиция алаяқтық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Елорда полициясына қаланың 40 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адам алаяқтық жолмен оның 7 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденгені туралы хабарлаған. Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады, ол мойындау көрсетпелерін берді.

Болжам бойынша схема келесідей жұмыс істеді: ер адам автокөлікті жалға алу туралы шартын жасап, содан кейін басқа қалаға барып, оларды сатқан, бірақ көліктің құжаттары өзімен жоқ деген түрлі сылтаулар ойлап тапқан. Белгілі болғандай, осылайша қаскүнем оңай ақша табуға тырысқан. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Ер адам қамауға алынды. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 3 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды аса мұқият болуға және алаяқтарға алданбауға шақырады. Ешқандай жағдайда құжатсыз автокөлік сатып алуға болмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға