«Алаяқтардың 80 пайызы – намазхандар»: Зайытов бұлай деуінің себебін түсіндірді
Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов «алаяқтардың 80 пайызы – намазхандар» деп пікір білдіруінің себебін түсіндірді. Бұл туралы ол Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде дінді пайдаланып бүлік жасауға ұмтылатындар көбейген. Соңғы қыздері хиджаб мәселесінің ушығып кетуі де солардың жоспары деп отыр.
Ринат Зайытов қаржылық пирамидалар, қажылыққа апарамыз дейтін және эфирлер жүргізетіндер бар.
Бізде мемлекетте дін тақырыбын пайдаланып бүлік жасағысы келетіндер бар, мен мұны анық айта аламын. Оларға шу керек, осы уақытқа дейін олар дайындады, діни ағымдарды кіргізіп, діннің өзін қырыққа бөліп, барлық назар діннің айналасына ауатындай етіп жасады. Бірінші хиджаб мәселесінен бастады, бұл тақырып жылда көтерілетін, бірақ басылатын, биыл неге басылмай жатыр? Неге бұл үкіметтен шешімін таппай жатыр, өзің ойлашы. Себебі қазіргі таңда бұл әңгіме керек болып тұр, - деді депутат.
Зайытов сондай топтар өзінің сөзін бұрмалап, ал бұл көпшілікті әдейі қарсы қоюға бағытталған әрекет екенін тілге тиек етті.
Себебі олар «85 мың теңгеге қатысты айтқанына байланысты Ринаттың айналасында аудитория көп, бәленбай миллион қаралымы бар, демек Ринат қазір аузын ашса, бүкіл адам соған назар аударады» деді. Сосын «Намазхандардың 85 пайызы алаяқ» деп тақырып қойды да, ортаға тастай салды. Дінге шын жаны ашитын адамдар, домбыра харам дегеннен гөрі Исламның атына, дінге кір келтіріп жүрген топтарды түзеп алуы керек.
Ал 80 пайыз дегеніміз – мен көрген 10 оқиғаның 8-і деген сөз, яғни сол онның сегізін жасаған алаяқтар намазхандар.