Жаңалықтар

Алаяқтардан сақ болайық

2022 жылы 9 айда тіркелген қылмыстық заң бұзушылық 2021 жылға қарағанда 12,2 пайызға көп
Алаяқтардан сақ болайық
Фото: ognialatau.kz 27.10.2022 22:02 3637

Соңғы 5 жылдағы статистиканы салыстырып қарасақ, 2019 жылы қылмыстық фактілер көп тіркелді. Ал 2020 жылы бұл деңгей 70 пайызға төмендеді. 2022 жылы бұл бағытта өсімді байқауға болады, деп хабарлайды El.kz.

Құқық бұзушылық фактілерін аймақ арасында бөліп қарастырар болсақ, басып көпшілігі Алматы қаласында тіркелді. Екінші орында – Астана қаласы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында құқықтық мәселеге тоқталып, заң аясында нақты нормалар қабылдап, өзгерістерге ұшыратпауды міндеттеді. 2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексіне 1200-ден астам өзгерістер енгізілді.

Жолдауда: «Интернет жəне телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органы мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық жəне қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн», деген болатын.

Әлеуметтік желінің кең тарауымен алаяқтықтың форматы өзгеріп, ауқымы кеңейіп келеді. Қарапайым адамды бірнеше секундтық экшн жарнамамен санасын баурап, оңай олжасына айналдырған алаяқтар азаймай тұр. Соның салдарынан қиындыққа тірелген адамдардың қатары артып келеді. Алданып жатқан адамдардың оқиғаларын естісең, сеніп қалатындай дүние емес тәрізді көрінеді. Алайда, алаяқтардың схемасын түсіну де оңай емес. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығында 11 мыңнан аса интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Интернет-алаяқтықтың бірнеше түрге бөліп жіктеуге болады. Солардың ішінде кең қолдатынатынын алатын болсақ, купондық, фишингтік электрондық пошта, лотереялық, жарнамалық, романтикалық және т.б. атау,а болады. Бұл амалдар арқылы алаяқ аңқау адамдарды құрығына түсіріп, атынан кредит рәсімдеп немесе банктік картасындағы қаржыны алу фактілері жиі тіркелуде.

Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 4,4 пайызға, яғни 16 475-тен 15747-ге дейін төмендеді. Тіркелеген қылмыстық істердің ішінде 3061 қылмыс ашылды (2021ж. – 2949 іс). Қылмысты құрықтау былтырғы жылдан 1,9 пайызға жоғары – дейді, бұл жөнінде ерекше маңызды істер бойынша аға детектив Аман Әубәкіров. 

Аталмыш санаттағы қылмыстың жиілеуі мемлекеттегі қызметтік процестердің барлығын цифрландырумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде халық онлайн-қызметтерге жиі жүгініп, интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып ала бастады. Бұл жерде банктік қызметтердің цифрлық форматта кеңеюін де атап өту қажет. Онлайн-қарыздарды ресімдеу, электрондық аударымдарды жүзеге асыру қолжетімділігі жақсы болғанымен қауіпсіздік шарасын сақтай білу керек. Қазір әрбір азаматтың телефонында кез келген банктердің мобильді қосымшалары бар. Алаяқтар арнайы платформалар арқылы қолданушының есеп шоттарын басқа алады екен. Бұл ретте онлайн алаяқтықпен айналысатындар шетелде деп болжайды маман.

Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында онлайн банктері арқылы жәбірленуші шоттарынан ақша қаражатын аудару туралы жауаптардың нәтижелері бойынша ақша қаражатының жақын шетел банктеріне жіберілетіні жиі анықталады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, зиянкестер шетелде деп болжауға болады.Егер біз интернет-алаяқтықтың бұл түрін банктің қауіпсіздік қызметкері немесе құқық қорғау органының қызметкері атынан қоңырау шалу ретінде қарастыратын болсақ, көбінесе ондай алаяқтардың айла-амалдарына жастар түседі. Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді сату, сатып алу санатын қарастыратын болсақ, ол жерде орта жастағы адамдарды жиі алдайды, өйткені олар онлайн-сауда саласында белсенді – дейді, Аман Әубәкіров.

Заңға өзгерістер енгізу жөнінде талқыланып жатқан мәселелердің бірі ретінде детектив банктік карта немес есеп шоттарды сату фактілері көп тіркелетінін атап өтті. Банктегі жеке меншік есепті басқа адамға сату бұл да бір қылмыс. Біздің қылмыстық кодексте мұндай тарау қарастырылмаған.  

Интернет-алаяқтықпен күресу бойынша тиімдірек және нәтижелі жұмыс жасау үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына кейбір өзгерістер енгізу қажет. Мәселен, Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің банктік карталарын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қылмыстық кодексте қарастыру қажет.Белоруссияда өзіңің шотын сатқан адамға арнайы бір қылмыстық кодекс бар. Бізге де сол жүйені енгізу қажет. Себебі, мұндай алмастырушылықтан кейін көптеген фактілер тіркеліп жатады. Электрондық-әмиян сайтын қолдануда да сенімді өкілдермен кеңесу керек.

Технология қаншалықты дамығанымен интернет алаяқтарды құрықтау қиынға соғады.  ІТ саланы меңгерген алаяқ болса оны анықтау тіпті қиын. Қазіргі заман ағымын кез келген адам платформа, сайт, қолданбалы желі аша алады. Неліктен және қандай мақсатпен ашып жатқаны ешкімді алаңдатпайды. Сондықтан, сақтансаң сақтайды демекші, назарларыңызға сақтық шараларының қарапайым нұсқауларын ұсынамыз:

– Естеріңізде болсын, ешбір банк немесе құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді. Қоңырау шалу арқылы ақпарат немесе код сұрамайды. Ал егер расында қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда банк қызметкері сізді бөлімшеге келуді өтінуі қажет;

– ешкімге дербес деректер, пластикалық карталардың нөмірін, аударымдар туралы түбіртек, әсіресе кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері және тағы да басқа өкілдік ететін адамдарға бермеуге құқылысыз;

– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге дербес деректерге сенбеңіз. Тексерусіз алдын-ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз;

– күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмау, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болу;

– қосымшаларды орнату үшін тек App stor (App store), Play Market (Play market) сияқты ресми көзді пайдаланыңыз;

– белгісіз контактілерден немесе спам-жіберілімдерде төлем жасауға немесе ұстауға бағытталған сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем үшін фишингтік сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

– банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, банктер ұсынатын 3D қорғауды және басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

– шоттарыңыздағы ақшаның қозғалысын жиі тексеріңіз.

Бүгінде алаяқтардың алдау, арбау тәсілі өзгеріп жүздеген, мыңдаған адамды құрығына түсіруде. Сондай адамның бірі – Аружан Мэлсова.

Ақшаң бар бола тұра, оны еселендіру мүмкіндігі туса кім бас тартады. Осындай жағдайда түрлі интернет депозиттер алдыңнан шығып болмайды. Дәл солай құрбыма ресейлік депозитке қаржысын салып, бірнеше күнде үстінен жүз пайыз көру мүмкіндігі туыпты-мыс. Әрине, риясыз қалаған адамға рас дүние болып көрінуі мүмкін.

Сөйтіп, сайтқа тіркелген оған онлайн депозиттік шот ашылған. Қолда бар ақшасын салып, бір күнде жиырма, екі күнде алпыс пайызға өскенін көрген ол алаяққа сенімі артқан. Шарт бойынша белгіленген уақытта ақшаны шешіп аламын, оған дейін өсім жүре берсін деген құрбым сайттағы ақшасының нөл болғанын байқайды. Сол сәтте оған депозиттің бастығымын деп алаяқ хабарласып, шоттағы пайыздық жүйенің өзгергенін түсіндіріп, бір миллион ақша салуы керектігін ескерткен. Депозиттегі ақшадан айырылып қалу қорқынышы туындаған жәбірленуші, көлігін сатып, бір емес бірнеше миллион ақша салған. Бірақ, онлайн есеп шотта сол баяғы нөл рубль. Алданғанын сол кезде ғана сезген Аружан полиция қызметіне жүгінеді. Алайда, барлық іздестіру жұмыстары нәтижесіз болды. Білуімше қаншама миллионын әлі де қайтара алмады.

Ағайын, алаяқтардан сақ болайық!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға