Жаңалықтар

Алаяқтар жалған «салық» туралы хабарламалар таратып жатыр

Алаяқтар жалған «салық» туралы хабарламалар таратып жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.04.2024 05:23 627

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің электрондық поштасына хабарламалар жіберуге байланысты алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Комитетке өз электронды мекенжайына «банк шоттарындағы қаражат есебінен бюджетке қарыздарды өндіру туралы» жалған хабарламаларды алған кәспкерлер хабарласты.

Дегенмен, салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдермен жіберілуі мүмкін:

1) пошта арқылы пошта ұйымы арқылы тапсырыс хатпен;

2) веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға электрондық тәсілмен;

3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Хабарламаларды жіберудің басқа жолдары қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Ешкім өзінің дербес деректерін, банк картасының деректемелерін хабарламауы, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтар мен құпия сөздерді, тіпті өзін мемлекеттік кірістер органдарының, банктердің қызметкерлері болып таныстырған адамдарға және басқа да адамдарға бермеуі және сілтемелер бойынша өтпеуі қажет. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз!, - делінген комитет хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға