Жаңалықтар

Алаяқтар тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Алаяқтар тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.08.2024 16:43 811

Шортанды ауданының полиция бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғынның алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам полицейлерге осы жылдың 30 шілдеде белгісіз адамдар телефонға кезек-кезек қоңырау шалғанын айтты, олардың бірі өзін ұялы байланыс операторы, екіншісі құқық қорғау органдарының қызметкері, үшіншісі банк қызметкері деп таныстырды.

Қоңырау шалған бейтаныс адамдар оның шотынан рұқсат етілмеген ақша ұрлығын алдын алу сылтауымен жәбірленушіні әртүрлі банктерде 13 млн 796 мың теңге сомасында несиелер ресімдеуге және осы ақшалай қаражатты олар берген шоттарға аударуға мәжбүр етті.

Ауыл тұрғыны ақшаны аударғаннан кейін ғана, алаяқтарға тап болғанын түсінді. Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға