Жаңалықтар

Алаяқтар Смайыловтың атынан жалған мәлімдеме таратуда

Алаяқтар Смайыловтың атынан жалған мәлімдеме таратуда
Фото: primeminister.kz 24.12.2023 11:23 1069

Әлеуметтік желілерде премьер-министр Әлихан Смайылов интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы айтқан видео тарап жатыр. stopfake.kz мәліметінше – бұл фейк, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Видеода Қазақстанда «ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі» комитет құрылғаны айтылады. Бұл – жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес. Алаяқтар аталған жарнаманы алданған адамдарға көмектесеміз деп таратып жатыр. Алайда кейін ақшаны «қайтару» қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, алақол инвесторлар иемденген ақшаны қайтару үшін тағы да ақша төлеу керек болады.
Осылайша алаяқтарға бір кездері алданған адамдар тағы да құрыққа түседі, - делінген мәліметте.

Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тарағаны анықталды. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, ақшадан айырылып, киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді жазып, қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сену қажет, - деп түйіндейді stopfake.kz.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға