Жаңалықтар

Алаяқтар екі айда қазақстандықтардан 4 млрд теңге жымқырған

Алаяқтар екі айда қазақстандықтардан 4 млрд теңге жымқырған
Фото: pixabay.com 28.03.2024 17:18 1146

«Интернет-алаяқтыққа қарсы алдын алу шаралары» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай осылай деді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Орталық басшысы жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 3 мыңнан астам дерегі тіркелгенін айтты.

Бүгінде мемлекеттік, банк және өзге де қызметтерді онлайн-режимде алу мүмкіндігі бар. Өкінішке қарай, алаяқтар осыны пайдаланып, ойлағандарын іске асыруда. Ең көп таралған әдіс ретінде интернет-сауданы айтуға болады, - деді Жандос Сүйінбай.

Спикердің айтуынша, алаяқтар тауар не қызмет бағасын төмендетіп көрсетіп, алдын ала төлем жасауды немесе толық төлеуді сұрайды. Биыл осы тектес қылмыстардың 1 мыңнан астамы тіркелген болатын.

Сондай-ақ алаяқтардың құрығына түспеу үшін хабарландыру сайттарының нақтылығына көз жеткізіп, тауарды алған соң толық төлем жасауға келісу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар видеоқоңырау арқылы тауардың бар-жоғына көз жеткізуге кеңес берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға