©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Алаяқ құрбанына 17 мың рет хабарласқан

Ресейдің Дағыстан Республикасында бір тұрғынға алаяқ 8 сағат ішінде 17 635 рет қоңырау шалуға тырысқан. Бұл туралы «Билайн» байланыс операторының деректеріне сүйене отырып РИА Новости хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Алаяқ хабарласқан абонент дәл осы компанияның қызметін қолданған.

Алаяқтық шабуыл 30 маусым күні таңғы сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жалғасқан. Бір минуттағы қоңыраулар саны кей сәтте 36-ға дейін жеткен. Дегенмен абонент бір де бір рет телефон тұтқасын көтермеген, тіпті қауіп туралы білмеген де, себебі барлық қоңырау арнайы анти-спам бағдарламасы арқылы автоматты түрде бұғатталып отырған.

Статистикаға сәйкес, ең осал топ – 65 жастан асқан адамдар. Оларға бағытталған қоңыраулар саны 202 миллионды құраған, бұл жалпы көлемнің үштен бірінен сәл астам. Сонымен қатар алаяқтар әйелдерге қарағанда ер адамдарға жиірек қоңырау шалған: тиісінше 44% және 56%.