Жаңалықтар

"Алау" мұз айдыны дзюдодан әлем чемпионатын өткізуге дайын

Қазақстанда тұңғыш рет өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына аз қалды. Жарысқа қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары анықталып, дайындықтарын пысықтап жатыр.
18.08.2015 07:48 4353

Қазақстанда тұңғыш рет өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына аз қалды. Жарысқа қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары анықталып, дайындықтарын пысықтап жатыр.

"Алау" мұз айдыны дзюдодан әлем чемпионатын өткізуге дайын

Жарыс Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтеді. «KAZsport» телеарнасы 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді.

«Дзюдо Федерациясы» мен «Қазақстан» РТРК АҚ арасында Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған дзюдодан әлем чемпионатын көрсетудің эксклюзивті құқығын беру туралы келісімге қол жеткізіліп, тиісті шартқа қол қойылды, – деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

«KAZsport» телеарнасы әлем чемпионатының іріктеу және финалық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11:00-де, ал кешкі белдесулер сағат 17:00-де басталады. Келісімге сай телеарна әлем чемпионатын толықтай тікелей эфирде көрсетіп, оның қорытындысы бойынша деректі фильм әзірлейді.

Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты елімізде тұңғыш рет өткелі отыр. Дүбірлі додаға 123 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 БАҚ өкілі тіркеуден өткен. Астана татамиінде 2016 жылғы Рио Олимпиадасының лицензиялық ұпайлары таратылатын болады.

Балуандар жекелей сында және командалық жарыста белдесуге шығады. Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қауымы осы жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін бекітті. Бабында жүрген, биыл ішкі біріншілікте, халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен дзюдошылар қалыс қалған жоқ.

Ерлер:
Елдос СМЕТОВ (60 келі)
Рустам ЫБРАЕВ (60 келі)
Айбек ИМАШЕВ (60 келі) (Командалық жарыс)
Азамат МҰҚАНОВ (66 келі)
Елдос ЖҰМАҚАНОВ (66 келі)
Жансай СМАҒУЛОВ (66 келі) (Командалық жарыс)
Ғабит ЕСІМБЕТОВ (66 келі) (Командалық жарыс)
Дастан ЫҚЫБАЕВ (73 келі)
Ринат ИБРАГИМОВ (81 келі)  (Командалық жарыс)
Азиз ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (81 келі)
Самат ЕСЕН (90 кг) (Командалық жарыс)
Ислам БОЗБАЕВ (90 келі)
Максим РАКОВ (100 келі)
Ержан ШЫНКЕЕВ (+100 келі)
 
Қыздар:
Александра ПОДРЯДОВА (48 келі)
Отгонцецег ГАЛДБАРАХ (48 келі)
Ленария МИНГАЗОВА (52 келі)
Олеся КУЦЕНКО (52 келі)
Назгүл  ҚҰБАШЕВА (57 келі (Командалық жарыс)
Мариан УРДАБАЕВА (63 келі)
Ділбар ӨМІРӘЛИЕВА (70 келі)
Жанар ҚАШКЫН (70 келі)
Альбина АМАНГЕЛЬДИЕВА (78 келі)
Гүлжан ИСАНОВА (+78 келі)
Зарина АБДУРАСУЛОВА (+78 кг келі) (Командалық жарыс)

Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға