Алатау - озық даму қаласы мәртебесін алады
Алатауға озық даму қаласы мәртебесі берілмек. Бұл жергілікті билікке қаланың негізгі салаларын өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Алатаудың жедел әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған ерекше құқықтық жағдайларды қалыптастыратын жоба дайындады. Жаңа мәртебе инвестиция тартуды күшейтіп, жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге және білікті мамандар даярлау жүйесін дамытуға жол ашады.
Жаңа модель аясында жергілікті басқару органдары қалалық инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік саланың маңызды бағыттарын реттейтін өз нормативтік актілерін қабылдау құқығына ие болады.
Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Алатау халқының саны бір миллион адамға жетуі мүмкін. Сондай-ақ қалада 500 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, бюджетке түсетін салық көлемі 18 миллиард АҚШ долларына жуықтайды деп күтілуде.

