Жаңалықтар

Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз елге қайтады

Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз елге қайтады
Фото: © Pixabay.com 02.08.2023 08:29 1093

Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы соңғы мәліметті айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың ішінен 6 азаматымыз емханадан шығарылды. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Қалған 5 азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.

Барлық ем шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.

Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған отандасымыздың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі деп күтіліп отыр, - дейді министрліктен.

Айта кетейік, кеше Аланиядағы жол апатынан ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға