ҚР ҰОК

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

28.11.2024 04:21

Үстел теннисінен Қазақстанның құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншіліктің алғашқы айналымында Құрманғалиев Камерундық Юлэйн Батиксені жеңді.

27 қарашада Алан 1/4 финалға шығу үшін неміс спортшысы Андре Бертельсмайермен ойнайды.

Айта кетейік, Құрманғалиев әлем чемпионатына өткен жалғыз қазақстандық.