Жаңалықтар

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Соңғы зерттеулер бойынша ғаламторда жарнама беру тиімділігі бес жылда екі есеге артқан.
20.04.2016 10:07 4963

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Жарнамаға жұмсаған қаражатым ауаға кетпейтініне кім кепіл?

Шындығына келгенде сізге ешкім кепілдік бере алмайды. Алайда, берген жарнамаңыздың тиімді болуы үшін бірнеше алғышарттар жасай аласыз. Алдымен жарнама беретін сайттың қанша қолданушысы, тұрақты оқырманы бар екенін — Яндекс.Метрика және Google Analytics жүйелерінен біліп аған жөн. Онымен қоса бұл жүйелердің ішінен сайт қолданушыларының жас мөлшерін және қызығушылығын да тексеріп алуға болады.

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Жарнаманың тиімділігі неге байланысты?

Бірінші кезекте жарнаманың тиімділігі ұсынған тауарыңызға, жазған мәтініңізге, түсірген суретіңізге немесе бейнеролигіңізге тікелей байланысты. Сұранысқа ие емес тауарды қанша жарнамаласаңыз да, өткізу қиынға соғады. Сондықтан, ғаламторда жарнама беруді аз ғана соммамен бастағаныңыз дұрыс.

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Жарнама бағасы қанша?

Кемінде 5 мың теңгеден басталады. Жарнаманың бағасы сайттың беделіне, оқырмандарының көптігіне байланысты. Жалпы аудиторияға арналған сайттарда жарнама бағасы арзанырақ болары сөзсіз. Дегенмен, егер сіз Абайдың өлеңдерін сүйіп оқитын Алматылық үйленген жігіттерге арналған тауарды жарнамалағыңыз келсе, мұның бағасы жоғарырақ болатынын ескерген жөн. Нақты аудиторияға бағытталған жарнаманың тиімділігі уақытпен дәлелденген.

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Ғаламторда жарнама жасау үшін өз сайтың болуы міндетті ме?

Міндетті емес. Дегенмен, ұсынған тауарыңыз тұтынушылардың арасында сенім тудырсын десеңіз, өз сайтыңызды ашқаныңыз дұрыс. Психологтардың зерттеуі бойынша ғаламторда өз сайты бар компанияға тұтынушы көбірек сенім білдіреді екен.

Ғаламторда жарнама беру қаншалықты тиімді?

Сонымен қай жарнама тиімдірек?

Ғаламторда жарнама берудің бірнеше түрі бар. Сайттардың ұсынған қарапайым жарнамасынан бастап, мәнмәтіндік (контекстная) жарнама, оқырманы көп блогерлердің сіз туралы жазбасы... Аталған жарнамалардың тиімділігі ұсынған тауарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан, егер де балаларға арналған ойыншықты саяси сайтта жарнамаласаңыз, мұныңыз ақшаны ауаға шашқанмен тең болып есептеледі.  


Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға