ТЖМ баспасөз қызметі

Алакөлде су ортасында қалған 9 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 9 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысында Алакөл көлінің жағасынан 25 шақырым жерде қайықта қозғалтқыш істен шығып қалды. Су көлігінде сол сәтте 9 адам болған. Ал олардың арасында екі бала бары анықталды. 

Шақыруға жедел түрде ТЖМ құтқарушылары келіп, қайықты сүйреп, адамдарды жағаға жеткізілді. Сонымен бірге, медициналық көмек ешкімге қажет болмаған. 

Бұған дейін Алакөл демалыс аймағында демалып жүрген екі адам ТЖМ құтқарушыларының араласуымен өлімнен аман қалған еді.