El.kz

Алакөлде патрульдеу кезінде екі адам құтқарылды

Алакөл демалыс аймағында демалып жүрген екі адам ТЖМ құтқарушыларының араласуымен өлімнен аман қалды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы, Мақаншы ауданы аумағында орналасқан Алакөл көлінде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі демалушыны құтқарғаны айтылды. SUP тақтасында серуендеп жүрген адамдар ескегін жоғалтып, жағадан 600 метрге алыстап кеткен. Өз бетімен қайта оралуға мүмкіндіктері болмаған.

Құтқарушылар оларды уақытылы байқап, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Бұған дейін Мемлекет басшысының ішкі туризмнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев Алакөлге арнайы барған еді. Сондай-ақ, Алакөл мен Балқаштың мәселесі туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай пікір білдірген болатын.