gov.kz

Алакөлде катер қағып кеткен 63 жастағы зейнеткер көз жұмды

Алакөл көлінде катер қағып кеткен зейнеткер әйел көз жұмды. Оқиға бүгін, 25 шілдеде түскі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға жағалаудан шамамен 200-250 метр қашықтықта шомылуға арналмаған аумақта, жағалау сызығынан тыс жерде орын алған. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Катер жүргізушісі ұсталды. 

Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – делінген полиция мәліметінде.