Жаңалықтар

Алакөл туризмді дамыту картасының үздік ондыққа кірді

Туристерге тегін ақпараттық кеңес беру қызметін көрсететін «TOURIST INFO» ақпараттық орталығы бар.
Алакөл туризмді дамыту картасының үздік ондыққа кірді
28.07.2022 08:32 3340

Абай облысы аумағында орналасқан Алакөл көлінің туристік аймағы «Туризмді дамыту-2025» бағдарламасы аясында әзірленген еліміздің туризмді дамыту картасының үздік ондығына кірді, деп хабарлайды EL.KZ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Алакөл – Абай облысының ең танымал туристік орындарының бірі. 

Алакөлдің үздік ондық туристік аймаққа енуі кездейсоқ емес. Мұнда бір мезетте 13 225 адамды қабылдай алатын 207 демалыс базасы бар. Былтыр бұл үйлерде демалушылар үшін 199 885 төсек-орын берілді. Биыл 960 адамға арналған тағы 13 жаңа демалыс базасы салынды. Бүгінде Алакөлдің жағалауында туристерге қызмет көрсету үшін инфрақұрылым едәуір дамыған. Көл аумағында 41 сауда үйі, 83 шағын бутик, 40 қоғамдық асханасы, 3 дәріхана жұмыс істейді - делінген мәліметте.

Туристерге тегін ақпараттық кеңес беру қызметін көрсететін «TOURIST INFO» ақпараттық орталығы бар.

Алакөл аумағында төрт құтқару мұнарасы мен шағын кемелер аялдайтын орындар бар. Киім ауыстыру үшін 15 кабина орнатылып, 11 санитарлық-гигиеналық орын қолданысқа берілді. Алакөл аумағында интернет тарту жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға