Жаңалықтар

Қаладағы үйлерге газ тарту қарқыны екі есе артты – Алтай Көлгінов

Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты
Қаладағы үйлерге газ тарту қарқыны екі есе артты – Алтай Көлгінов
Фото: egemen.kz 17.08.2022 13:29 954

Екі жылда елорда аумағындағы үйлерге газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты,– деп хабарлайды El.kz.

«Елордадағы тұрғын үйлерге газ тарту қаланың экологиясына оң әсерін тигізетіні түсінікті. Бұл мәселе Президенттің бақылауында тұр, тиісті қаражат бөлінді. Алматы, Сарыарқа аудандарына газ желілері тартылды, қазір үйлерді газға қосу жүріп жатыр. Құжат тапсыру рәсімі жеңілдетіліп, газға қосылу қарқыны екі есе артты. Маусым айында Сарыарқа ауданында 140 үй газға қосылса, шілдеде 290 үйге газ тартылды. Қыс басталғанша біраз үйді газға қосып үлгереміз», - деді А.Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, Сарыарқа ауданында 2,5 мың тұрғын үй газға қосылған.

«Алматы ауданында да жұмыстар осы тәртіпте жүріп жатыр. Осы аумақта түтін едәуір азайған. Газдың тартылуына орай экологиямыз жақсарып келеді. Алдағы жылдан бастап «Шұбар» шағын ауданына газ тартамыз. Атап айтқанда, екі жылдың ішінде газ тарту жұмыстарын қарқынды жүргізсек, қаламыздың экологиясы әлдеқайда жақсарады», - деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты. Жаңа оқу жылы басталған дейін елордадағы негізгі жолдар жөндеуден өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға