Жаңалықтар

Қала мен ауыл: Білім сапасы қай деңгейде?

Қала мен ауыл оқушылары арасында білім алшақтығы 22 балға қысқарды
Қала мен ауыл: Білім сапасы қай деңгейде?
Фото: 24.kz 09.08.2022 14:18 2076

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында  айтты, деп хабарлайды El.kz

«Орта білім бойынша басты мәселе - білім сапасын арттыру. Өңірлер арасындағы, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Сапаны бағалау бойыншы біз сыртқы және ішкі бақылау механизмдерін кеңінен қолданамыз. Осы тұрғыда біз үшін халықаралық PISA зерттеуі маңызды болып табылады. Біз осы Ұлттық жоба бойынша «Мектептерге арналған PISA» халықаралық арнайы зерттеуін өткізуді қолға алдық», - деді министр. 

Оның айтуынша, халықаралық сарапшылардың болжауына сәйкес, пандемияға байланысты PISA зерттеуі бойынша еліміздің көрсеткіштері 30-40 балға төмендеу тәуекелдері бар. 

«Дегенмен, 2021 жылы өткен «Мектептерге арналған PISA» нәтижелері оқушылардың білім сапасының оқу сауаттылығы бойынша 30 балға, математикалық сауаттылық - 24 балға, жаратылыстану бағыты бойынша 11 балға өскенін көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ал қалалық және ауылдық оқушылар нәтижелерінің арасындағы алшақтық 22 балға, әртүрлі басқа тілде оқитын оқушылар нәтижелерінің арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға