Жаңалықтар

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеу
06.06.2016 06:33 4120

Тестілеудің алғашқы үш күнінде 11 түлек мүмкін болған 125 балды жинады.

Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы үш күнінде 58 343 түлек тест тапсыруға қатысқан. Олардың 31-і ҰБТ ережелерін бұзғандығы үшін тест тапсыру залынан шығарылыпты. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады 

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады.

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады 

Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады 

Тестілеуден шығарылғандардың 13-і емтихан кезінде ұялы телефон пайдаланса, біреуі тест материалдарын бүлдірген. Ал, 17 түлек тест кітапшасын сыртқа алып шықпақ болған және беттерін ауыстырған.

 Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады

Сондай-ақ, осы үш күн ішінде ең жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылардың саны 11-ге жетіп отыр, яғни 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. Олардың бесеуі Алматы қаласынан, екеуі Павлодар облысынан. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана мен Семей қалаларынан бір-бір түлектен жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Алғашқы үш күнде он бір оқушы 125 ұпай жинады

Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-н құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға