Жаңалықтар

Ақтөбеге шақырар 7 орын

Сізге ұнайтын кереметтер бар
Ақтөбеге шақырар 7 орын
06.06.2017 09:40 21329

Ақтөбе өлкесі мыңжылдаған тарихи бар сирек табиғи орындар мен қатар, сәулет өнерінің көркем туындыларымен де ерекшеленеді. Заманауи тетар мен Достық Үйі қала көркіне өзіндік сән қосып тұр. Ақтөбеде осы аталғандар ғана бар екен деп қалмаңыз, саяхаттап бара қалсаңыз, сізді таңғалдырар дүниелер күтіп тұрғаны анық.  

Бірегей сәулет туындысы – Абат-Байтақ

Ақтөбе облысына қарасты, Қобда ауданы, Бесқопа ауылының шығыс қарай 12 шақырым қашықтықта Абат-Байтақ ескерткіші орын тепкен. Кей зерттеушілердің мәліметінше, сәулет туындысы Алтын Ордаға дейінгі қыпшақ ұлысының қалдырған мұрасы дейді. Бұл ескерткіш Асан қайғының ұлы Абатқа арнап салынған. Жалпы кесене биіктігі кезінде 16 метр болса, қазірде ол бір жарым метрге шөгіп қалды. Бұл аймақта 200-ден аса адамдар да жерленген. Абат-Байтақ ескерткішіне 2007 жылы жаңарту жұмыстарын жүргізді.

Қаһармандықтың үлгісі – Қобыланды батыр

Батырлығымен ел жадында жатталған Қобыланды бейіті Қобда өзенінің шығыс жағалауында, Жиренқопа ауылының іргесінде жатыр. Осы аймақта батырдың соғысқан іздері бар. Ал бейіттің басына өткен ғасырда белгі қойылып, батырды 2006 жылы қайта жерледі. 2007 жылы биіктігі – 17,5 метрге жететін, ені болса он екі метрді құрайтын кесене салынды. Жоғарыдан қарағанда мұражай қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінге ұқсайды.

Татулық пен бірлік ордасы – Достық Үйі

Достық Үйі 2008 жылы қолданысқа берілді. Үш қабаттан тұратын ғимарат цокольдық қабаттқа ие. Ғимаратта 300 орынға арналған концерттік, салтанат, даярлық бөлмелері, хореография, сондай-ақ, конференциялық залдар, мұражай, компьютерлік сынып, ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілерінің жұмыс кабинеттері, ал цокольдық қабатта 200 орындыққа арналған асхана және дыбыс жазу студиясы орналасқан. 

Ақтолағай – борлы үстірт

Атырау мен Ақтөбе облыстарының қиылысар жерінде орналасқан борлы үстіртте бұрын теңіз болған екен. Сол себепті бұл жерден миллион жыл бұрын мекен еткен ұлулардың, теңіз кірпілерінің тасқа айналған теңіз фауналарын оңай таба аласыз. Мұнда ұзыннан ұзын созылып жатқан ақ жоталарды көргенде қиял әлеміне жол тартасыз. Биіктігі үйдей болатын тастарды кім, қайдан әкелді деген сұрақ мазалауы мүмкін. Десек те, бұл тұсы ғылыми жағынан әлі зерттелмеді.

Ырғыз-Торғай ерекше қорғаудағы резерват

Бұл қорықтың жалпы көлемі 760-тан аса гектарды алып жатыр. Торғай қорығы аталып келген аймақ 2007 жылы қайта құрылып, сулы-батпақты жерлерді, жазық әрі жартылай шөлейтті ландшафттарды сақтап, қалпына келтірумен айналысуда. Сол секілді ақбөкендердің санын арттырып, оларды мемлекеттік қорғауда ұстап отыр. Ырғыз-Торғай қорығында суда жүзетін жыл құстарының 250-ге жуық түрлері мекендейді.  Мұнда әр жеті шақырым сайын  «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аймақ. Кіруге тыйым салынған» деп жазылған белгі бар.

Табиғаттың ғажайып құбылысы – Жаманшың метеорит кратері

Ғалымдардың айтуынша, шамамен 700 жыл бұрын осы жерге алып метеорит түскен екен. Сол қуатты жарылыстан тереңдігі 700 метрге жететін, диаметрі 5,5 шақырымға дейін баратын шұңқыр пайда болған. Жарылыстың қысымы жүздеген килобарға шақ, температурасы болса мыңға жеткен екен делінеді.  Нәтижесінде әлем бойынша тек осы жерде бірге кездесетін импактит, тектит (иргизит) жыныстары пайда болған.

Ақтөбе облыстық драма театры

1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрының негізінде қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Қазақ драматургі Т.Ахтанов есімі 1997 жылы 3 қарашада беріліп, 1998 жылы облыс әкімінің шешімімен екі труппа біріктіріліп, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры деп аталына бастады. 2013 жылы наурыздың соңғы күні Ақтөбе облысы әкімдігінің шешіміне байланысты  Ақтөбе облыстық «Екі езу» сатира театры және Ақтөбе облыстық драма театры бірікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға