Жаңалықтар

Актер Қуандық Шәкіржанов отбасы жайлы құпиясын бөлісті

Актер Қуандық Шәкіржанов отбасы жайлы құпиясын бөлісті
Фото: Видеодан кадр 03.12.2023 17:00 11757

Актер Қуандық Шәкіржанов бір жылдан аса уақыт әйелімен бөлек тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өмір болғасын түрлі жағдай болады. Құдайға шүкір, Арай екеуіміздің бір ұл мен бір қызымыз бар. Бір жылдан асты мен бөлек тұрып жатырмын. Оның өз себебі бар. Отбасылық жағдайға байланысты. Біз ұрысып, ренжіспедік. Сыйластығымыз түзу. Бәрі жақсы. Бала-шағамен араласамыз. Бірақ өнерде жүргесін сыртта көп жүреміз. Киноға түсеміз деген сияқты... Арада кішкене түсініспеушілік болғаны рас. Махаббатымыздың сериалымен әлі таныс емеспін. Әрі қарай сериал жалғасады ма, әлде, осымен бітті ме білмеймін, - деді Қуандық Шәкіржанов.

Айта кетейік, бұған дейін актер жұбайы Арайдың балаларға жақсы тәрбие бергенін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға