instagram.com/erkebulan_toktar

Актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атанды

05.06.2024 16:18

Отандық актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» марапатына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кино жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» марапатын алдым, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары актерді марапатымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

«Құтты болсын, батыр», «Палуан», «Енді ертерек үйлен», «Айтарға сөз таппай қалдық», «Мықтысыз, ағажан», «Алла тіл-көзден сақтасын», - деп жазды оқырмандар.

Актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атандыinstagram.com/erkebulan_toktar