Жаңалықтар

«Актер емес анекдот айтқыштар». Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынға алды

«Актер емес анекдот айтқыштар». Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынға алды
Фото: instagram.com/ibragimov_baurzhan_official / instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi 21.06.2023 11:03 15034

Танымал актер, “Бауыржан шоу” театрының негізін қалаған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовты сынның астына алды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әуелі «Тамаша» сахнасы арқылы танылып, кейін «Бауыржан шоу» деген  жеке театр ашқан, актер Бауыржан Ибрагимов өнердегі інісі  Тұрсынбек Қабатовты сынға алды.

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасында жүргізуші «Тұрсынбек Қабатов сын көтеретін азамат па?» деп сұрады.

Ол сын көтере алмайды-ау. Қабатовты актер емес дегенім, ол кәсіби актер еместігін айтқаным. Мысалы, мен архитектураны бітіріп, өнер  хоббиім болса, онда өзімді ешқашан актермін деп айта алмас едім. Біз – дипломы бар кәсіби актерміз. Олар – КВН ойыншылары, анекдот айтатындар. Ол сахнаға шығады, өзінің тыңдарманы бар. Оған еш таласым жоқ. Бірақ ол актер емес. Біз образ істейтін актерміз. Бізді соған оқытқан. Мен бір татардың образын жасау үшін бір сағат бұрын келіп грим жасаймын, -дейді танымал актер.

Бауыржан Ибрагиов осы ретте Құдайберген Сұлтанбаевты еске алды. Марқұм Бейімбет Майлиннің «Апама айтамын» деген көрінісін қойғанда Құдайберген екі сағат грим істеген көрінеді.

15-20 минутсыз сахнадан кетпеймін. Оның басы бар, аяғы бар. Оны қазіргі жастар түсінбейді. Қабатовтың айтып жүрген әңгімелері 1982-83-жылдары оқуға түсейін деп жүргенде айтқан әзілдеріміз. Ал оқу бітірген соң біз образ жасайтын актерге айналдық, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға