Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
12.12.2023 15:14
Фото:
instagram.com/azamatc
Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы - Сұраппаева Орынкүл Махатқызы өмірден өтті, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, маусым айында Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалған еді.

