©El.kz архиві

Актауда нәрестесі бар жолаушы ұшақта бомба туралы хабарлаған

22 тамыз күні Актау-Шымкент бағытындағы Scat әуе компаниясының рейсінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

1998 жылы туған әйел, қасында сәбиімен бірге, әуе кемесінде жарылғыш зат бар екенін мәлімдеген.

Борттағы экипаж бен шамамен 200 жолаушы жедел түрде эвакуацияланды.

Ұшақ 5 сағаттан астам уақыт тексерілді, алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Әйел ұсталды. Полицияның хабарлауынша, оған қатысты "Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.