Жаңалықтар

Ақмешіт үңгірінде не сыр бар?

Перзент беріп, дертіңізден айықтырар орын
Ақмешіт үңгірінде не сыр бар?
11.05.2017 15:43 23366

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданына бара қалсаңыз, міндетті түрде Ақмешіт үңгіріне ат басын тіреңіз. Әулиелі жерге, перзент сұрап, ауру-сырқауына ем тілеп келушілер жеткілікті.

Ойық жарқабақ үңгір ұзындығы 254 болса, ені 65, биіктігі 25 метрге жетеді. Жарқабақ саңылауларынан су тамып тұрады.

Бір кездері онда бір әулие кісі отбасымен киіз үй тігіп, арнайы саты арқылы төмен-жоғары мініп-түсіп жүрген деген аңыз бар. Аңыздар мұнымен шектелмейді. 

***

Бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғапты. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке жан адам кіре алмай қалған екен. ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Қасиетті жерге жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырады.

***

Келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті.

Бұл үңгірді арнайы «биолокациялық» құралмен тексергенде адам денсаулығына кері әсер беретін геомагнитті толқындарды таппаған. Яғни, үңгір керісінше, адам ағзасындағы жаман энергияны (тіл, көз, дуа) өзіне алып қалады.

***

Ендігі бір аңызда айдаһар туралы айтылады. Ол айдаһар адамдардың төрт түлігін әкетіп отыратын болған екен. Бір күні бұл маңға Сүлеймен пайғамбар келіп, айдаһарды матап кетеді. Ол үңгірдің ортасындағы күн түсетін дөңнің үстінде ұйықтаған екен делінеді. Зұлым айдаһардың қанша уақыт өмір сүргені айтылмайды

***

Бұл жерде бір кездері үлкен айдаһар өмір сүріп, ол қарашаның төрт түлігін қырып-жойыпты. Амалы біткен халық Ақмешіт әулиеге келіп, көмек сұрайды. Өз кезегінде Ақмешіт әулие ілім-білімнің күшімен айдаһарды жеңген екен деседі. О дүниеге аттанарында денесін осы жерге жерлеуін өтінеді. Өзі сұрағандай оны осында арулап көмген екен.

***

Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы жорыққа дайындалып жатқанда нөсер тоқтамай қояды. Сонда ол 10 мың қолымен үңгірге түнеп, бәрі бірдей таңғы намаз оқыған екен.

Кейін сарбаздың бірі бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атаудды ұсынады. Сонда батыр, «Бұл үңгір Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой, барлығымызды жауыннан қорғады, намазға жығылдық, тастары да аппақ екен, жақсы әсер сыйлады, сол себепті бұл жерді  «Ақмешіт» деп атайық» дейді. Содан бастап, бұл киелі орын «Ақмешіт» үңгірі аталып кетіпті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға