polisia.kz

Әкімдік Ақтөбе облысында болған жол апатына қатысты түсініктеме берді

18.12.2022 02:19

Ақтөбеде орын алған қайғылы жағдайға байланысты облыс әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Іс - облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында. Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі, - деді әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында жарысқа кетіп бара жатқан балалар мен жаттықтырушылар мінген автокөлік апатқа ұшыраған болатын.