Әкімдер бұдан былай AMANAT партиясында қызмет атқармайды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
24.11.2022 21:09
Фото:
alash24.kz
Биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді. Конференция қорытындысы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай "AMANAT" партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды. Партияның тиісті филиалдарындағы Саяси кеңес Бюросы мен Саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.
"Бұл шара ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті", - деп атап өтті "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов конференция барысында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

