Жаңалықтар

Әкесі зорлаған екі қыз полиция қорғауына алынды

Әкесі зорлаған екі қыз полиция қорғауына алынды
Фото: Кадрдан алынған 29.05.2023 20:04 1678

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 28 мамыр күні 2001 жылғы және 2003 жылғы екі қыздың өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында жәбірленушілердің әкесі – 57 жастағы күдікті анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды, - делінген мәліметте.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға