Жаңалықтар

Әкесі өмірден өткен Ернар Айдар көпшілікке арнап жазба жариялады

Әкесі өмірден өткен Ернар Айдар көпшілікке арнап жазба жариялады
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz 04.01.2025 22:48 3373

Жаңа жыл қарсаңында әкесі бақилық болған белгілі әнші Ернар Айдар жазба жариялап, оқырмандарының аяушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ассалаумағалайкум баршаңызға! Өткен жыл 2024. 12. 26. бейсенбі күні асқар тауым әкешім өмірден өтіп, ертесіне 2024. 12. 27. қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Бүгін міне 2025. 01. 03. қасиетті жұма бір апта зу ете өтешықты әлі сене алар емеспін. Ақиқатында, біз Алланікіміз һәм асылында, біз Оған қайтамыз. Бірақ қимастық сезім өзекті өртейді екен. Әкеме Алладан рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың Оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат тілеймін, жатқан жеріңіз жайлы болып, жаратқан алла жұмақтың төрінен орын берсін. Әр жылы әулетімізбен 1- қаңтар Анашымды туған күнімен құттықтап, қара шаңыраққа жиналып Асқар тау Әкеміздің ақ батасын алып арқа-жарқа болушы едік. Анашым, Алладан тілерім деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Біздің бақытымызға сіз аман болыңыз. Баршаңызға амандық тілеймін. Қасиетті жұма мүбәрәк болсын, - деп жазды әнші әлеуметік желіде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға