Жаңалықтар

«Әкемді көрсем алғыс айтар едім». Сәкен Майғазиев жан сырымен бөлісті

«Әкемді көрсем алғыс айтар едім». Сәкен Майғазиев жан сырымен бөлісті
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev 12.01.2024 15:01 3083

Сәкен Майғазиев әкесін есіне деген ыстық сағынышын жеткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ұлына берген сұхбатында әкесін идеал көретінін айтты.

Әкемдей болсам деп армандайтынмын. Үнемі саған айтушы едім ғой, балам. Өмірде үш идеалым бар: әкем, Өзбекәлі Жәнібеков және Дінмұхаммед Қонаев. Кейде менің орнымда әкем болса не істер еді деген сұрақпен тоқтаймын көпшілік жерде. Біреу ашуландырғанда, жүйкем тозғанда, сабырсыз болған кезде әкемді есіме аламын. Сол арқылы өзімді тоқтатамын. Әкемді көрсем алғыс айтар едім. Оның рухына бағыштаған Құранымыз оның рухын шат-шадыман етеді деп ойлаймын. Мінезі керемет, жібек болған. Бірінші атаңды көрсем, алғыс айтып, маңдайынан сүйер едім. Иіскеп, құшақтар едім, – дейді әнші.

Өнер иесі әкесін ерекше болмысымен бағалайтындығын да жеткізді.

Әкем өзі үлгі болды деп айтар едім. «Сен жаман оқыма, жақсы оқы, біреудің ала жібін аттама, біреуді ренжітпе, біреудің есесін жеме» деген сияқты сөздерді ешқашан айтқан емес өмірінде. Ол кісі көрсетті. Сондық болмысымен ол кісіні бағалаймын. Тау алыстаған сайын биіктейді дегендей, әкем 2005 жылы дүниеден өтті. Бірақ сағынышым жылдан жылға үдеп келе жатқан сияқты. Әкемнен көрген тәрбиені балама көрсеткім келеді. Үнемі айтып та жүрмін. Егер өзің оғаш қылып істеп, темекі тартып, арақ ішіп отырып, балаңа темекі шекпе, арақ ішпе деп айту ақылға сыймайтын дүние. Сол сияқты әкемнен көп дүние алдық. Ол кісінің болмысынан, жүріс-тұрысынан. Әкемізден жаман сөз естімейік деп қана кеттік-ау. Мен әкемнен мақтау сөз естиін болмаса ұпай жинайын деген ой болған емес, – дейді әнші.

Сонымен қатар, әкесі көзінше ешқашан мақтамаған екен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға