Жаңалықтар

Әкем үйленуіме қарсы. Оның айтқаны мен үшін заң - Сон Хын Мин

Әкем үйленуіме қарсы. Оның айтқаны мен үшін заң - Сон Хын Мин
Фото: instagram.com/hm_son7 19.10.2023 13:44 1711

«Тоттенхэм» футбол клубының капитаны Сон Хын Мин мансабы аяқталғанға дейін неге үйленбейтіні туралы айтты, деп хабарлайды

АПЛ жұлдызының әкесі Сон Ун Чжонда баласын Сон секілді кәсіби футболшы болған. Кейін, ол дүниеге келгеннен кейін, өзі секілді футболшы болуын қалап, темірдей тәртіпке үйреткен. Тіпті, кейбір деректерге сүйенсек, шабуылшының әкесі оған күніне кем дегенде 4 сағаттық жаттығу жасататын болған.

Алайда, әкесінің Сонға қойған ең басты талап бұл - футболшы мансабы аяқталғанша үйленбеу.

Үйлену бұл маңызды шешім. Өйткені, отбасы құрғаннан кейін ол сен үшін бірінші орында болуы керек. Тіпті, футболдан да. Ал, қазір мен жасыл алаңға шығып, өзімді көрсетуді ойлаймын. Жаңа жетістіктерге жеткім келеді. Ал, өздеріңіз білетіндей футболшы мансабы қысқа. 33-34 жасыңда барлығы аяқталады. Сондықтан, дәл қазір бар ынтамынды футболға арнағым келеді. Кейін, мансабымды аяқтағаннан кейін, үйленіп, барымды соларға беруге дайынмын. Осы тұста әкемнің маған қойған талабы орынды деп ойлаймын, - деді Сон Хын Мин.

Еске сала кетейік, «Тоттенхэм» футбол клубынының капитаны, кореялық шабуылшы 31 жаста. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға