Жаңалықтар

«Әке тәрбиесін көрмей өстім». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты

«Әке тәрбиесін көрмей өстім». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты
Фото: instagram/mussilim 06.12.2023 12:10 1369

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім «Мотивацилық подкаст» жобасында әке тәрбиесін алмағанын, тек үш ай араласқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ата-анасы бала кезінде ажырасып кеткендіктен, әкесімен көп араласа алмаған.

Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы жарытып  ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсылық танытқан жоқ. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім.  Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын. Кейде үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді, – дейді өнер иесі. 

Сонымен қатар, актер әкесінің батыр болғандығын айтатын адамдарды көп кезіктіретінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға