El.kz

Академик Рымғали Нұрғалидің туғанына 85 жыл толуына орай конференция өтеді

12.05.2025 15:00

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, академик Рымғали Нұрғалидың туғанына 85 жыл толуына арналған «Қазіргі әдебиеттану: теориялық мәселелер және жаңа парадигмалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалым шәкірттері қатысады. Конференциада отандық тіл және әдебиет саласының белгілі мамандарымен қатар РФ Татарстан, Түркия, Польша, Өзбекстан елдерінің жетекші ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.

Конференцияда төменде көрсетілген секциялар жұмысы жоспарланып отыр:

  • 1-секция: Рымғали Нұрғали – көрнекті ғылым және қоғам қайраткері.
  • 2-секция: Әдебиеттің теориялық мәселелері және Рымғали Нұрғали еңбектеріндегі жаңашыл пайымдаулар.
  • 3-секция: Гуманитарлық ғылымдардағы пәнаралық зерттеулер.

Конференция барысында академик Р.Нұрғали ғылыми еңбектерінің қазіргі филология саласы мен гуманитарлық білім беру жүйесіндегі маңызы талданып, рухани және мәдени құндылықтар хақындағы ой-толғамдарының өзектілі сараланады. Академик Рымғали Нұрғали ғылыми мектебі өкілдерінің қазіргі әдебиеттанудың жаңа парадигмаларын зерделеудегі ізденістері талқыланады.