Жаңалықтар

Академик Асқар Жұмаділдаев сайлаудан үлкен өзгерістер күтетінін айтты

Академик Асқар Жұмаділдаев сайлаудан үлкен өзгерістер күтетінін айтты
Фото: adebiportal.kz 19.03.2023 17:42 4422

Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев сайлауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген - төрт нәрсе. Біріншіден, экономика. Екіншіден, жаңа технология. Үшіншіден, әскер. Төртіншіден, рухани байлық. Рухани байлықты соңына қойып тұрмын. Өйткені қарын тоқ болмаса, рухани байлықтың түкке де қажеті жоқ. Сондықтан, менің ойымша, қазақтың өзі өндіріс жасау керек. Мысалы, кезінде АДК-да өндіріс жасайтын орын болған. Оны бұзып тастап, орнына дүкен салды. Алматыда мата жасайтын өндіріс болған. 86 мемлекетке мата жіберген. Оның орнына үлкен қылып сауда орталығын салды. Қазаққа сауда орталықтарынан басқа ештеңе керегі жоқ па? Қазақтың мақсаты - той жасап, дүкенге барып қайту, басқа ештеңе емес сияқты. Ол дұрыс емес қой. Өндіріс болмаса, адамның өзі бірдеңе жасамаса, қалғанының барлығы болмайтын нәрсе. Сондықтан, менің ойымша, Парламентке қолынан іс келетін адам келуі керек. Мылжыңдардың келуінің керегі жоқ,- деді Асқар Жұмаділдаев.

Оның айтуынша, қолынан іс келетін адам ғана сайлауда жеңуі тиіс.

Қолынан іс келетін, бірдеңе жасай алатын адам ғана сайлаудан өтуі керек. Әсіресе, бір мандатты қатысушылардан үміт күтем. Солардың біреуі болсын өтеді ғой деп ойлаймын. Ең болмағанда, бесеуі өтсе ол да аз емес. Біреу айтады, ол не істей алады деп. Кешіріңіз, бірақ бір адам бірнеше нәрсе жасауы мүмкін. Ол ауа райын өзгертеді. Пиғылды өзгертеді. Көп нәрсені өзгерте алады. Ұмтылысқа алып барады,- деді академик.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға