«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Фото: El.kz
Фото: El.kz
30.03.2025 13:50
1044
2025 жылғы 30 наурызда еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі бірқатар қалаларда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана және Петропавл қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда, – делінген хабарламада.
Мұндай қолайсыз жағдайлар – желдің болмауы, тұман, инверсия және басқа да қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі нәтижесінде пайда болады. Бұл факторлар зиянды заттардың жер бетіне жақын ауа қабатында жиналуына себеп болады.

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда декреттік төлем ережесі өзгерді
Келесі жаңалық
Алматыда әскерилер соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады