Шерзат Болаттың соты онлайн Live режимінде

Фото: Jogargy sot
Фото: Jogargy sot
10.04.2025 13:15
508
Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары сот бұл отырысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Алдын-ала тыңдау Live режимінде көрсетіледі.
Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысы Талғар қаласында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені қоғамда резонанс тудырды. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.

Алдыңғы жаңалық
Шерзат Полат ісі бойынша сот ашық режимде өтеді
Келесі жаңалық
Блогер DARICORN-ге қарсы іс қозғалды