Жаңалықтар

Сәуірде Түркістан облысында "Үлгілі ауыл" байқауы басталады

Сәуірде Түркістан облысында "Үлгілі ауыл" байқауы басталады
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 27.03.2025 08:40 371

Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Биылғы ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Сондай-ақ, байқау ережесіне «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте айтты.

2024 жылдан бастап Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өткізіліп келеді. Өткен жылы барлық аудан-қалалардан байқаудың  облыстық кезеңіне қатысқан елді мекендер ішінен жеңімпаздар анықталып, ережеге сай облыстық бюджеттен өңірлерде биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржылар қаралды. Атап айтар болсақ, өткен жылы жеңімпаз атанған Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында құны 500 млн теңгеге - Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілсе, 2-орынға жайғасқан Шардара ауданындағы Көксу ауылында 120 млн теңгеге 2 қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, үйірмелер орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында 37,8 млн теңгеге шағын спорт және балалар ойын алаңшасы, Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 26 млн теңгеге балалар ойын алаңының құрылыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі,- деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар спикер «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама аясында құрылған «Jas Turkistan» волонтерлік ассоциациясының атқарған жұмыстарымен таныстырды. Ұйымға ерікті топтар мен бастамашыл ұжымдар біріктіріліп, волонтерлікті дамыту бағытында облыста 6 бағыттан тұратын ауқымды акциялар өткізілген. Нәтижесінде 208 сенбілік өткізіліп, шараларға 200 мыңға жуық жас атсалысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға