Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
28.03.2025 15:00
821
29 наурыз күні Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен соң көпірлер тексерілді
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады