Түркістандық жас шахматшы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
02.04.2025 00:18
552
Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында түркістандық жас шахматшы Нұрислам Сұлтанхан ерекше жетістікке қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Бұл – оның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жеңісі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүбірлі додаңа әлемнің 44 елінен 470 шахматшы қатысқан. Түркістандық жас шахматшы Нұрислам өз шеберлігін көрсетіп, таланты мен еңбекқорлығының нәтижесінде 7 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.
Шахматшы мен бапкерін Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен жаттықтырушылар, спорт жанашырлары мен туыстары күтіп алды.

Келесі жаңалық
Мұғалім жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген