Таиландта жантүршігерлік жол апатынан Қазақстан азаматы қаза тапты

Фото: Kusoldharm Foundation, Eakkapop Thongtub
Фото: Kusoldharm Foundation, Eakkapop Thongtub
02.04.2025 10:39
923
1 сәуір күні Пхукетте жантүршігерлік жол апатынан Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға 1 сәуір күні сағат 00:45-те Bypass Rd тасжолында болған. Ер адам жоғары жылдамдықпен келе жатып, мопедін басқара алмай қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бастапқыда жергілікті билік оның ұялы телефонының экранында орыс тіліндегі жазуды көріп, оны «Ресейден келген турист» деп айтқан. Бірақ кейіннен қайтыс болған азаматтың Қазақстаннан екені және ол Таиланд аралында жұмыс істейтіні нақтыланды.

Алдыңғы жаңалық
Танымал актер өкпе қабынуынан көз жұмды