Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің үйі екінші аукционда да сатылмады

Кәрім Мәсімовтің үйі екінші аукционда да сатылмады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі 28.03.2025 11:59 680

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бәссаудаға қойылған Астанадағы заулім сарайы тағы сатылмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 наурыз күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.

Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.

Естеріңізде болса, бұл үй 25 ақпанда да бәссаудаға қойылып, алайда сатылмаған.

Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы — Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.

Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға