505.15
550.31
5.89

Биыл елімізде 200-ден астам мектеп салынады

©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Кеше, 16:55 320

Екі жыл бұрын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты мектептегі орын тапшылығын жою, сондай-ақ, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу болды. Президент кейбір өңірде құрылыс барысы көңіл көншітпейтінін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ұлттық жоба бойынша салынатын барлық мектептің құрылысын бірінші болып аяқтады. Аймақта 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтары ашылды. Басқа облыстарда құрылыс барысы мәз емес. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бұл жұмысты қолға алуы керек. Мен таяу арада тексеремін, - деді ол.

Сонымен қатар биыл 200-ден астам мектеп қолданысқа берілетінін алға тартты.

Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары.

Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс, - деп қосты президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: