Ақтауда «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді

Фото: otpannews.kz
Фото: otpannews.kz
29.03.2025 01:30
627
Сәуір айының алғашқы аптасында Ақтауда қалаға «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесінің берілуіне орай салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара аясында теңіз жағалауында «Дархан дала» этноқалашығы бой көтереді. Этноқалашықтың жеті ауылында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі, музей жәдігерлері, дәстүрлі ағаш үйлер ұсынылып, қазақтың салт-дәстүрлері насихатталады.
Мерекелік кешке Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан елдерінен мәдениет майталмандары арнайы келіп, жергілікті өнерпаздармен бірге сахна төрінде өнер көрсетеді.

Келесі жаңалық
Ипотекамен үй алғанда қаржы қалай үнемдеуге болады?