Ақтауда жас жігіт хиджаб киген қызды зорламақ болған

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com
03.04.2025 12:49
581
Ақтауда хиджабтағы қызды зорламақ болды деген күдікпен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы жағалауда түсірілген видео тарады, онда автор жас жігіттің хиджабтағы қызды зорламақ болғанын айтады.
Куәгерлердің сөзінше, оқиға кешкі уақытта болған, бірақ нақты күні белгісіз. Көмекке шақырған дауысты естіген адамдар оқиға орнына жүгіріп барып, күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған.
Маңғыстау облысы ПД бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Күдікті тергеу изоляторына қамалған. Тергеу аяқталып, іс айыптау қорытындысымен бірге прокуратура арқылы сотқа жіберілді.

Алдыңғы жаңалық
Әділет Барменқұловтың қаржы жымқыру күдігіне ілінгені рас па?
Келесі жаңалық
Елімізде ажырасу құны қымбаттауы мүмкін