Тоқаев Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
11.03.2025 15:00
373
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Джейхун Байрамов әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.

Алдыңғы жаңалық
Түркістанда даяшы қыз әріптесін 500 мың теңгеге алдап соққан
Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді