Жаңалықтар

Турағанда жылатпайтын пияз түрі пайда болды

Турағанда жылатпайтын пияз түрі пайда болды
Фото: ©Pixabay.com 26.03.2025 13:24 1062

АҚШ-та ғалымдар пияздың жаңа түрін жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Smileys деп аталатын сұрып ащы емес, сондықтан оны турағанда да көзден жас шықпайтын көрінеді. Бұған мамандар 30 жыл бойы жасалған эксперименттің арқасында қол жеткізіп отыр. Олар пияздың тәтті және жұмсақ сұрыптарын будандастырып келген.

Smileys өзге сұрыптардан тәттілігімен ғана емес, ұзағырақ сақталатындығымен де ерекшеленеді. Себебі оның құрамында өзге сұрыптарға қарағанда су көлемі аз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға